Ақтөбе облысында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
26–28 тамыз аралығында Ақтөбе облысының аумағында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейд барысында 10-нан астам әкімшілік құқық бұзушылығы бар жүргізушілер анықталды.
Іс-шараның алғашқы күнінің қорытындысы бойынша 19 автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Оның ішінде 9 көлік — шетелдік тіркеуде.
Тәртіп сақшылары шетелдік нөмір таққан көлік иелеріне де ерекше мәртебе берілмейтінін ескертеді. Заң бәріне ортақ, сондықтан шетелдік тіркеу — жауапкершіліктен босататын құжат емес.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері борышкерлерді анықтау, әкімшілік берешекті өндіріп алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтілген режимде жалғастыруда.
