"Таза Қазақстан" акциясы: Түркістанда 70-ке жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Түркістанда полицейлер "Таза Қазақстан" акциясы аясында аумақтағы тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір айға созылған рейдтік жұмыстар барысында белгіленбеген жерге қоқыс тастау мен тазалық талаптарын сақтамауға қатысты 70-ке жуық құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Мысалы қала көшелердің бірінде құрылыс материалдарын сататын дүкен иесінің сауда нысанына келген тауарлардың қораптары мен өзге де қалдықтарды белгіленбеген орынға шығарғаны анықталды.
Полицейлер кәсіпкерге тазалық талаптарын түсіндіріп, қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару қажеттігін ескертті.
Тәртіп сақшылары тұрғындар мен кәсіпкерлерді ортақ тазалыққа үлес қосып, қоқысты белгіленбеген жерге тастамауға шақырады.
