Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қараусыз мал иелері жауапқа тартылды

Павлодар облыснда полиция қызметкерлері қараусыз мал жаюдың алдын алу бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауыл тұрғындарымен түсіндіру әңгімелері өткізіліп, анықталған қараусыз малдар арнайы қораларға қамалды.

Мәселен, Аққулы – Бесқарағай автожолында қараусыз жүрген жылқылар анықталды. Осындай құқық бұзушылық Қалқаман – Керней автожолында да тіркелді. Ал Атамекен – Русская Поляна автожолында 5 бас ірі қара малдың қараусыз жүргені анықталды.

Аталған фактілер бойынша малдың еркін жайылуына жол берген ауыл тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері жануарларды жаю қағидаларын бұзғаны үшін 1605 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты полицейлер өңір тұрғындарын қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға, малды тиісті бақылауда ұстауға және заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру