Жетісу облысы ПД бастығы азаматтарды тұрақты түрде жеке қабылдайды
Жетісу облысы ПД бастығы азаматтарды тұрақты түрде жеке қабылдайды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысының полиция департаментінде халықпен ашық әрі қолжетімді диалог орнату бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсаинов азаматтарды тұрақты түрде жеке қабылдайды.
Қабылдауға келген тұрғындар ішкі істер органдарының қызметіне қатысты, сондай-ақ өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жүгінеді. Кездесу барысында департамент бастығы азаматтардың өтініштерін тікелей тыңдап, мәселелерді шешу тәртібін түсіндіреді және тиісті бөлімшелерге құзыреті шегінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырады.
Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштерге ерекше назар аударылады. Әрбір мәселе бойынша нақты шешім қабылданып, азаматтарға тиісті түсіндірме беріледі.
Шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін онлайн форматта қабылдауға қатысу мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл азаматтарға облыс орталығына келмей-ақ, полиция басшылығына өз мәселесін жеткізіп, қажетті кеңес алуға мүмкіндік береді.
Азаматтарды жеке қабылдау – полиция мен халық арасындағы кері байланысты нығайтудың маңызды тетігі. Ашық диалог тұрғындардың өзекті мәселелерін жақсы түсінуге, өтініштерге уақтылы ден қоюға және полиция жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Полиция үшін азаматтардың өтініштеріне мұқият қарау, басшылықтың қолжетімді болуы және көтерілген мәселелерді уақтылы шешу – “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы мен “Заң мен тәртіп” қағидатын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі.
