Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады
Жол қозғалысы ережелерін сақтау полицияның тұрақты бақылауында. Сақшылар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қозғалысы ережесін сақтау – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Осыған орай Абай облысында полицейлер тұрғындарға жолдағы тәртіптің маңызын түсіндіру мақсатында "Жол қозғалысы ережесін бұзатын адамға не айтар едіңіз?" деген сауал қойды
Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқару, белгіленген жылдамдықты арттыру, көлік жүргізу кезінде телефонға хабарлама жазу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу және қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты ереже бұзушылықтардың салдары ауыр болуы мүмкін екенін еске салды.
Жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысы қауіпсіздік талаптарын сақтап, өз өмірі мен өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарауы қажет.
Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
