Алматыда азаматтардан ақша бопсалаған күдікті құрықталды
Алматыда азаматтардан ақша бопсалаған күдікті құрықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция қызметкерлері ақша бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзін қоғамдық белсенді ретінде таныстырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардан жүйелі түрде ақша талап еткен. Ол мемлекеттік органдарға шағым түсіріп, олардың ары қарайғы жұмысына кедергі келтіруі мүмкін екенін айтып, қысым көрсеткен.
Күдікті ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
— Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осыған ұқсас жағдайлар туралы хабарлаған бірнеше адам анықталды. Қазіргі уақытта тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және дәлелдемелерді бекіту бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Осындай фактілер туралы ақпараты бар азаматтарды полицияға хабарласуға шақырамыз, - деді Әуезов ауданы полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.
