Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полицияның үздік қоғамдық көмекшілері анықталды

БҚО-да полицияның үздік қоғамдық көмекшілері анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде құқық бұзушылықтардың профилактикасына және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын полицияның қоғамдық көмекшілері арасында "Қалалық және ауылдық жерлердегі үздік полицияның қоғамдық көмекшісі" конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсаты – қоғамдық көмекшілерді ынталандыру, олардың құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы белсенділігін арттыру және оң тәжірибесін насихаттау.

7-15 қыркүйек аралығында өткен конкурс барысында қатысушылардың құқық бұзушылықтардың алдын алу іс-шараларына, рейдтер мен акцияларға, халықпен кездесулерге қатысуы, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі ескерілді.

Қалалық жердегі үздік полицияның қоғамдық көмекшісі: 1 орын – Хамитов Эльдар Гарипуллаевич; 2 орын – Хан Виктор Михайлович; 3 орын – Есенгалиева Ақгүл Асылбековна.

Ауылдық жердегі үздік полицияның қоғамдық көмекшісі: 1 орын – Ақжайық ауданының полиция қоғамдық көмекшісі Есбулсинов Ерболат Есенгелдиевич; 2 орын – Тасқала ауданының полиция қоғамдық көмекшісі Сапаков Дәурен Амангелдиевич; 3 орын – Казталов ауданының полиция қоғамдық көмекшісі Шеркешбаев Жасталап Кенжебаевич.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы белсенді жұмыстарымен ерекшеленді.

Полицияның қоғамдық көмекшілері полиция мен халық арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру