Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен жас жол инспекторлары оқушыларға қауіпсіз жүріс-тұрысты үйретті

Оқу жылының алғашқы күндерінен бастап Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды үздіксіз жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін түсінікті әрі қызықты түрде жеткізуге басымдық беріледі.

Петропавлдағы №23 мектепте бірінші сыныптың 90 оқушысы салтанатты түрде жас жаяу жүргінші атанды. Мектептің жас жол инспекторлары жасағы жолдағы қауіпсіздіктің негізгі қағидалары көрсетілген көріністер қойды. Ал патрульдік полиция батальонының қызметкері оқушыларға бағдаршам сигналдары мен реттеушінің қимылдарын түсіндірді.

Осындай профилактикалық кездесулер облыстағы барлық білім беру ұйымында ұйымдастырылады. Мәселен, №2 мектепте ЖЖИ жасағының қойылымы мен полицейлердің түсіндіру жұмыстарынан кейін оқушылар қызметкерлермен бірге жол қиылысына шығып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелден қауіпсіз өту тәртібін іс жүзінде қайталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру