Шымкентте полицейлер арасындағы республикалық дода мәресіне жетті
Шымкент қаласында ішкі істер органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан республикалық чемпионат өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарысқа еліміздің өңірлерінен, ведомстволық бөлімшелер мен ІІМ оқу орындарынан 27 команда қатысып, жеңіс үшін бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша: 1-орынды Шымкент қаласы полиция департаментінің құрама командасы иеленді, 2-орын – күзет қызметін бақылау комитетінің құрамасы, 3-орын Павлодар облысы полиция департаментінің командасына бұйырды.
Республикалық чемпионат қызметкерлердің спорттық шеберлігін шыңдап, командалық рух пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
