Астанада полицейлер жалпықалалық сенбілікке қатысты
Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға елордалық полицияның барлық жеке құрамы атсалысты. Қызметкерлер аумақтарды тазалап, оған іргелес учаскелерді ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев та жеке құраммен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты. Сонымен қатар елордалық полицияның басшылық құрамы көшеттер отырғызып, аумақты көгалдандыруға өз үлесін қосты.
Мұндай іс-шаралар қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосып қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
