Елордада түнгі отшашу тұрғындардың тыныштығын бұзды: құқық бұзушы қамауға алынды
Елордада түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол бермеу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осылайша елордадағы мейрамханалардың бірінің маңында тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі анықталды.
Белгілі болғандай, досының үйлену тойы аяқталғаннан кейін 25 жастағы Бекзат Өмірзақов мейрамханаға қарама-қарсы жерде пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан. Салдарынан жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінде тұратын азаматтардың тыныштығы бұзылған.
Құқық бұзушы сот шешімімен 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
