Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда 150 оқушыға есірткінің зияны мен құқықтық жауапкершілік түсіндірілді

Талдықорған қаласындағы №10 орта мектепте есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және салауатты өмір салтының маңызы туралы профилактикалық іс-шара өтті, — деп хабарлайжя Polisia.kz.

Оқушыларға есірткі заттарын қолданудың нақты қауіптері, ойланбай жасалған әрекеттердің салдары және тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысқаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Кездесудің басты мақсаты – адамның денсаулығы мен болашағы оның өз таңдауына байланысты екенін жеткізу. Спортпен шұғылдану, білім алу, пайдалы істермен айналысу және белсенді өмір салтын ұстану – жастарды есірткіден аулақ болуға бағыттайтын маңызды құндылықтар.

Жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Себебі мәселенің алдын алу – жас буынға дер кезінде дұрыс ақпарат беріп, саналы таңдау жасауына мүмкіндік беру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру