Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде полицейлер өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетті

Семейде полицейлер өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн суыта бастаған кезде баспанасыз, құжатсыз және жақындарының қолдауынсыз қалған адамдарды назардан тыс қалдырмау ерекше маңызды.

Абай облысының аумағында жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның мақсаты — қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға дер кезінде көмек көрсету.

Жыл басынан бері Семей қаласында полиция бөлімшелеріне 228 адам жеткізілді. Олардың 51-і арнайы қабылдау орнына орналастырылса, 177 азаматтың жеке басы анықталды.

Полиция қызметкерлері құжаттары жоқ азаматтардың жеке басын анықтап, құжаттарын қалпына келтіруге, тіркеуден өтуге, әлеуметтік және құқықтық көмек алуға жәрдемдеседі. Мұндай жағдайға алғаш рет тап болған адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Дер кезінде көрсетілген көмек адамның жақындарымен қайта қауышып, өмірін жаңадан бастауына мүмкіндік береді.

Алайда көшеде бірнеше рет қалған және әзірге көмек қабылдауға немесе өмір салтын өзгертуге дайын емес адамдар да бар. Мұндай азаматтармен жұмыс жүргізу уақытты, сабырлылықты және полиция қызметкерлерімен қатар әлеуметтік қызметтердің де қатысуын талап етеді.

Кейде өзгеріске бастайтын алғашқы қадам — қалпына келтірілген құжат, шынайы әңгіме немесе дер кезінде созылған көмек қолы болуы мүмкін. Аязды күндер қарсаңында мұндай қамқорлық адамның өмірін өзгертіп қана қоймай, оның өмірін сақтап қалуы да мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру