Түркістанда полицейлер нөмірсіз жүрген көлікті камераның көмегімен ұстады
Түркістан қаласында полицейлер бейнебақылау камералары арқылы мемлекеттік нөмірсіз жүрген көлікті анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел басқару орталығының инспекторлары Қазыбек би көшесінде Hyundai Santa Fe автокөлігінің нөмірсіз қозғалып келе жатқанын байқап, ақпаратты патрульдік экипажға жедел жеткізді.
Нәтижесінде көлік тоқтатылып, 32 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы автокөлік тексерілді.
Тексеру барысында мемлекеттік нөмір көліктің жүк салғышынан табылды.
Полицейлер жүргізушіге нөмірдің көлікке тиісті тәртіппен орнатылуы қажеттігін түсіндіріп, мемлекеттік нөмірді орнына қойғызды.
Сонымен қатар профилактикалық әңгіме жүргізілді. Жүргізушіге көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқарғаны үшін заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылды. Полиция жол қозғалысы ережелеріне мұқият болуға шақырады.
