Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында студенттерге құқықтық қауіпсіздік бойынша дәріс өткізілді

Семей қаласындағы "Қайнар" колледжінде қауіпсіздік сабағы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы "Қайнар" колледжінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жастар арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық дәріс өткізілді. Іс-шара "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілі студенттерге құқықтық жауапкершіліктің негізгі аспектілері, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелерін сақтау жөнінде кеңінен түсіндірді.

Дәріс барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасында қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар студенттерге заң талаптарын сақтау әр азаматтың жауапкершілігі екені түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыру, заңға деген құрметті арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.

Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Спикер тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.

Абай облысында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін арттыру және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында осындай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру