Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД қызметкерлері күштік спорттан әлем чемпионы атанды

Павлодар облысы ПД қызметкерлері күштік спорттан әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласында NAP нұсқасы бойынша күштік спорт түрлерінен "Алтын Батыр VI" әлем чемпионаты өтті. Ауқымды додаға Үндістан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстаннан, сондай-ақ еліміздің түрлі өңірлерінен келген мықты спортшылар қатысты.

Жарыс барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі дене дайындығын, күш-қайратын, төзімділігі мен спорттық шеберлігін танытты.

Чемпионатта Павлодар облысы полиция департаментінің ҚР ІІМ "Арлан" спорт клубының намысын Асель Абдраманова мен дене шынықтыру дайындығы бойынша нұсқаушы Қанат Шакуов абыроймен қорғады. Олар "Штанганы бицепске көтеру — экстремалды" номинациясында бақ сынап, жоғары физикалық дайындығы мен жеңіске деген жігерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Асель Абдраманова мен Қанат Шакуов өз санаттарында бірінші орын иеленіп, алтын медальға қол жеткізді.

Бұл жеңіс — спортшылардың жүйелі жаттығуы, табандылығы мен мақсатқа ұмтылысының нәтижесі. Әрбір жетістіктің артында күнделікті еңбек, өз-өзін шыңдау, тәртіпті сақтау және спорттық нәтижелерін үнемі жақсартуға деген ұмтылыс жатыр.

Әлем чемпионатындағы бұл жетістік полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін жоғары спорттық нәтижелермен қатар алып жүріп, түрлі бағытта өздерін лайықты көрсете алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру