“ARLAN” спорт клубының мүшесі Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
ҚР ІІМ “ARLAN” спорт клубының мүшесі, спорт командасын даярлау орталығының спорт бойынша аға нұсқаушысы, гимнаст Милад Карими XX Азия ойындарында еркін жаттығудан жекелей сындағы финалда өнер көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Финалда Карими 14,600 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Алтын медальды Филиппин өкілі, Париж – 2024 Олимпиадасының чемпионы Карлос Юло (14,666 ұпай) иеленсе, қола жүлде Жапония спортшысы Сема Цукиямаға (14,566 ұпай) бұйырды.
Бұл – Милад Каримидің Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесі. Бұған дейін спортшы 2023 жылғы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған.
Осылайша Милад Карими Қазақстан құрамасының спорттық гимнастикадан Азиада – 2026-дағы алғашқы жүлдесін қоржынға салды.
