Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция дрифт пен қауіпті маневрлерге қатысты бақылауды күшейтті

Ақтөбеде полиция дрифт пен қауіпті маневрлерге қатысты бақылауды күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Апта ішінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала көшелерінде жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылауды күшейтті. Негізгі назар жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін және тұрғындарға қолайсыздық келтіретін құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

Рейдтік іс-шаралар барысында техникалық ақауы бар немесе конструкциясы өзгертілген, сондай-ақ жоғары деңгейде шу шығаратын шығару жүйесі орнатылған көлікті басқарудың 5 фактісі анықталды.

Сонымен қатар жүргізушілерге, жаяу жүргіншілер мен жолаушыларға қауіп төндіретін қауіпті маневрлер мен дрифт жасаудың 2 фактісі жолы кесілді.

Мопед, скутер және самокат жүргізушілерінің белгіленген талаптарды сақтамауының 57 фактісі, сондай-ақ көлік қозғалысы кезінде қатты музыка қосып, айналадағыларға акустикалық қолайсыздық келтірудің 11 фактісі анықталды.

Әрбір құқық бұзушылық бойынша тиісті құқықтық баға беріліп, заңнамада көзделген шаралар қабылданды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген талаптарды сақтауға шақырады. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, дрифт жасау, техникалық ақауы бар көлікті басқару және қауіпті маневрлер жасау ойын немесе көңіл көтеру емес. Мұндай әрекеттер жол-көлік оқиғасына әкеліп, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру