Абай облысының полицейлері бір аптада 114 граффити жазуын өшірді
Абай облысында қоғамдық орындарда қауіпсіз ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері бір апта ішінде елдімекендер аумағындағы 114 граффити жазуын анықтап, өшірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олардың ішінде 60 жазу — есірткі заттарын насихаттайтын граффити.
Қабырғалар мен ғимараттардың сыртқы бөліктеріне салынған мұндай жазулар тек қаланың көркіне кері әсер етіп қана қоймай, қоғамдық ортаға да теріс ықпал етуі мүмкін. Әсіресе есірткіге қатысты ақпарат пен интернет-ресурстарды насихаттайтын жазулардың таралуына жол бермеу — маңызды міндеттердің бірі.
Полиция қызметкерлері анықталған жазуларды жоюмен қатар, олардың пайда болу себептерін анықтауға және заң талаптарын бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жұмыстар жүргізуде.
Көшелердің қабырғасы заңсыз жарнама мен зиянды насихат алаңына емес, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз ортаның бір бөлігіне айналуы тиіс.
Азаматтарды қоғамдық орындарда күмәнді жазуларды байқаса, бейжай қалмай, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз.
