Павлодарда бұзақылық жасаған тұрғынға сот шешімі шықты
Павлодар қаласында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Баян Батыр көшесінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарияланған бейнежазбада ер адамның металл қоршауды зақымдап, оның бір бөлігін жұлып алғаны көрінеді. Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол Қарағанды қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылып, сотқа жолданды. Сот шешімімен оған 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Полиция ескертеді: қалалық инфрақұрылым мен қоғамдық мүлік барлық тұрғындарға ортақ. Оларды бүлдіруге жол берілмейді және мұндай әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкеп со
