Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдік блогер Қазақстан полициясына алғысын білдірді

Dakshya Singh есімді үндістандық саяхатшы-блогер әлеуметтік желісіндегі парақшасына хинди және ағылшын тілдерінде Қазақстан полициясына алғыс білдірген бейнежазба жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға жаз мезгілінде болған. Полиция қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы ПД патрульдік полиция инспекторлары Қайрат Тасмұхамбетов пен Марат Құрмановтың айтуынша автожол бойында патрульдеу кезінде Бәйтерек ауданы аумағындағы аялдамалардың бірінде шетелдік азаматты байқап, жағдайын сұраған. Ол Үндістан азаматы, саяхатшы блогер екенін және Қазақстаннан Ресейге жаяу бағыт алғанын айтқан.

Олар шетелдік азаматқа көмек көрсетіп, Ресей шекарасына дейін жетуіне жағдай жасаған.

– Кейін саяхатшы өз әлеуметтік желідегі парақшасында полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, "Міне, қараңыздар, Қазақстан полициясы маған көмектесіп, жеткізіп тастады... Олар маған ары қарай жүру үшін жолай көлікке де келісіп, ұйымдастырып берді. Енді мен шекараға қарай осы ағамызбен (көлік иесімен) бара жатырмын. Олар мені осы жерге дейін жеткізіп тастады. Сіздерге үлкен рақмет, – деді саяхатшы.

Бұл – полиция қызметінің тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмей, жолда көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету арқылы адамға деген құрмет пен жанашырлықты да көрсететінінің бір мысалы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру