Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ҚАЖД қызметкерлері сала ардагерлеріне құрмет көрсетті

Алматыда ҚАЖД қызметкерлері сала ардагерлеріне құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық қарттар күні – ең шуақты да мерейлі мерекелердің бірі. Өйткені "Қарттарға құрмет – жастарға міндет" деген сөздің қасиетін терең түсінетін халқымыз қашанда алдыңғы буын ұрпаққа құрметпен қарайды. Ұрпақтан ұрпаққа өсиет болып келе жатқан – қазыналы қарттарды сыйлау, оларға қамқор болуды дәріптейтін мерекені Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы да ұйымшылдықпен атап өтті.

Бұл күні департамент басшылығы мен жеке құрамы қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерін құттықтап, оларға көп жылғы адал еңбегі мен қылмыстық-атқару саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД "Ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Манас Тұяқбаев ардагерлерді құттықтап, оларға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілесе, ҚАЖД бастығы Ерлан Ұзақов алғыс хаттар табыстап, қызметтік дәстүрлерді қалыптастыруға қосқан үлестерін атап өтті.

– Ардагерлер – біздің тарихымыз, жас ұрпаққа үлгі ететін өнегеміз. Аға буынға құрмет көрсету және ұрпақтар сабақтастығын сақтау – қызметіміздің маңызды дәстүрлерінің бірі. Барша ардагерлерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, отбасылық береке және ұзақ ғұмыр тілейміз, – деді департамент бастығы Е.Ұзақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру