Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысы ПД бастығы азаматтарды жеке қабылдады

Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы тұрғындармен ашық диалог орнатуға және олардың мәселелерін жедел шешуге бағытталған азаматтарды жеке қабылдау жұмысын жалғастыруда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті азаматтарды қабылдау “Әділет” партиясының ғимаратында өтті. Облыс тұрғындары полиция департаментінің басшысына тікелей жүгініп, өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, тиісті түсіндірмелер алды.

Кездесу аясында Жетісу облысы полиция департаменті мен “Әділет” партиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағыттарындағы өзара іс-қимылды көздейді.

Тараптар бірлескен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аудармақ. Мұндай ынтымақтастық тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын бірлесіп қарастыруға және халықпен кері байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

“Заң мен тәртіп” қағидаты заң талаптарын сақтаумен қатар, мемлекеттік органдардың ашықтығын, құқықтық көмектің қолжетімділігін және әрбір азаматтың жауапкершілігін көздейді.

Полиция азаматтарды жеке қабылдау тәжірибесін және қоғамдық институттармен бірлескен жұмысты жалғастырып, өңірдегі құқықтық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүзеге асыратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру