Жетісу облысында бейнебақылау камераларының көмегімен 5 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді
Жетісу облысында бейнебақылау камералары тәулік бойы көшелердегі жағдайды бақылап, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беріп отыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Жетісу облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы 5 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды. Олардың қатарында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және мас күйінде жүру деректері бар.
Анықталған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат нақты уақыт режимінде жақын маңдағы полиция жасақтарына беріледі. Бұл қызметкерлерге оқиға орнына жедел жетіп, құқық бұзушылықтың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Бейнебақылау жүйесі құқық бұзушылықтарды тіркеумен қатар, олардың алдын алуда да тиімді құрал болып отыр. Камералар арқылы жағдайды тұрақты бақылау қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
