Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу күшейтілді

Астанада полиция отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алып, зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсетуде. Жыл басынан бері 100-ден астам құқық бұзушылық тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 100-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Олардың қатарында сталкинг, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы тиісу фактілері бар.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында әкімшілік шаралар да тұрақты түрде қабылдануда. Осы салада 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1 800-ге жуық адам әкімшілік қамаққа алынды.

Сонымен қатар 748 адамға мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді. Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін 612 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сот шешімдері негізінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған 46 адамға мінез-құлықты психологиялық түзету шаралары тағайындалды.

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге де ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, 150-ден астам адамға қажетті көмек көрсетілді.

Полиция отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның фактілерін дер кезінде анықтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру