Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Астана аумағында 5-9 қазан аралығында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның алғашқы күнінің қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 60-тан астам шетел азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзған екі шетел азаматына қатысты ел аумағынан мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі қабылданды.

Іс-шара барысында заңсыз көші-қонға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ шетел азаматтарына Қазақстан аумағында болу тәртібін түсіндіруге бағытталған профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аударылуда.

Полиция азаматтар мен жұмыс берушілерді көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тарту, олардың Қазақстан аумағында болу мерзімін бұзуы немесе тиісті құжаттарсыз еңбек қызметін жүзеге асыруы заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру