Екібастұзда көші-қон заңнамасын бұзу фактісі тіркелді
Екібастұзда көші-қон заңнамасын бұзу фактісі тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заңсыз келуші– 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Екібастұз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Әуезов көшесінде патрульдеу кезінде көршілес мемлекеттің азаматын тоқтатты.
Құжаттарды тексеру барысында шетел азаматының Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген болу мерзімін бұзғаны анықталды.
Ер адам Екібастұз қаласы ПБ көші-қон полициясы бөліміне жеткізілді. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.
