Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаскелеңде ұсақ бұзақылық жасаған екі азамат 10 тәулікке қамалды

Қаскелеңде екі азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскелеңде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған екі азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тексеру барысында 41 және 34 жастағы екі азаматтың қоғамдық орында болып, айналасындағыларға анық құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Жиналған материалдарды қарау нәтижесінде олардың әрекеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ұсақ бұзақылық бабымен сараланды.

Сот шешімімен екі құқық бұзушыға да 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Полиция қызметкерлері азаматтармен құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және заң талаптарын бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру