Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысы ПД бастығы тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда, бірқатар істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы, қылмыстық-құқықтық саралау, қабылданған процессуалдық шешімдер және сот актілеріне қатысты сауалдарын қойды. Кейбір азаматтар қылмыстық істердің толық, жан-жақты әрі объективті тергелуін сұрап, полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді өтінді. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қолданылған шаралардың заңдылығына қатысты шағымдар айтылды.

Азаматтардың әрбір мәселесін жеке тыңдаған Арыстанғани Заппаров жауапты құрылым басшыларына өтініштерді үстірт қарамай, заң талаптары аясында зерделеуді тапсырды.

– Әрбір азаматтың өтініші назардан тыс қалмауы тиіс. Заңдылық сақталып, қабылданған шешімдердің орындалуы қамтамасыз етілуі қажет, – деп атап өтті Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру