Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде жол үстінде телефон қолданған жүргізуші жауапқа тартылды

Семейде жол үстінде телефон қолданған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семейде полицейлер аспалы көпір үстінде Changan автокөлігін басқару кезінде мобильді телефон пайдаланған 21 жастағы жүргізушінің әрекетін анықтады. Жол қозғалысы ережелерін бұзу сәті түсірілген бейнежазбаны жүргізушінің өзі әлеуметтік желіге жариялаған.

Аталған дерек полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады. Жүргізуші көлік басқару кезінде телефон пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды.

Бір сәттік бейне үшін жолдағы қауіпсіздікті тәуекелге тігуге болмайды. Рөлде отырған әрбір адам ең алдымен өзінің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы тиіс.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік басқару кезінде мобильді телефонды пайдаланбауға және жылдамдықты асырмауға шақырады.

Заң мен тәртіп — баршаға ортақ. Жолдағы жауапкершілік лайк пен қаралымнан әлдеқайда маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру