Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қоғамдық орындарды ластаған азаматтар жауапқа тартылды

ШҚО-да қоғамдық орындарды ластаған азаматтар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында "Таза Қазақстан" аясында қоғамдық орындардың тазалығы мен абаттандыру қағидаларын бұзғандарға қатысты шаралар қабылдау жалғасуда. Риддер және Өскемен қалаларында темекі тұқылын жерге тастау деректері тіркелді. Құқық бұзушыларды анықтауға бейнебақылау камералары көмектеседі.

Риддер қаласында құқық бұзушылықтар сауда үйіне қарама-қарсы орналасқан автотұрақта және дүкен жанында тіркелген. Құқық бұзушылардың бірі бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды.

Өскемен қаласында да ұқсас жағдай дәмхананың автотұрағында болған. Ер адам темекі шегіп болып, тұқылын жерге тастаған. Полиция қызметкерлері барлық заң бұзушыны анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұзушылықтардың салдары жойылды.

Қоғамдық орындардың тазалығы қарапайым әдеттер мен айналаға деген құрметтен басталады.

Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада жауапкершілік көзделген. "Заң мен тәртіп" қағидаты баршаға ортақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру