Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер ардагер Ернат Ақылжановты 60 жас мерейтойымен құттықтады

Алматы қаласы және Алматы облысы мен Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің жеке құрамы ардақты ардагер Ернат Ақылжановты 60 жасқа толған мерейжасымен салтанатты түрде құттықтап, құрмет көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ернат Кенжеханұлы өмірінің 23 жылын Тәуелсіз Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасуына және оның дамуына арнаған азамат. Ол қарапайым қызметкерден бастап жауапкершілігі жоғары басшылық қызметтерді де абыроймен атқарды. Қылмыстық-атқару жүйесінің барлық саласынан өткен Е.Ақылжанов Алматы қаласы және Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде бастықтың орынбасары болса, Ақтөбе облысы және Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерін басқарды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірқатар басқармаларында басшы болды.

Қылмыстық-атқару жүйесінің құрметті ардагері Ернат Ақылжановты аталған екі департаменттің басшылары Ерлан Ұзақов пен Рысбек Тұрғымбаев, Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Тұяқбаев құттықтап, иығына шапан жауып, ізгі ниеттерін білдірді.

Өз кезегінде Е.Ақылжанов әріптестеріне ризашылық сезімін жеткізіп, жеке құрамды жауапты сала— қылмыстық атқару жүйесінде адал қызмет атқарып, абыройын арттыра беруге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру