Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті

Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің 14 қызметкері ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару бойынша арнайы оқу курсынан өтті.

Оқу 9–16 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің ішкі істер органдарын цифрландыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.

Курс барысында полиция қызметкерлері дрондарды басқару, оларды қауіпсіз пайдалану және қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолдану бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерді.

Бұл бастама полиция жұмысының тиімділігін арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.

Оқу қорытындысы бойынша курсты сәтті аяқтаған 14 полиция қызметкеріне арнайы сертификаттар табысталды.

Маңғыстау облысы полиция департаменті қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және заманауи технологияларды қызметте қолдану бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру