Құқық бұзушылықтың алдын алу: Жетісуда профилактикалық жұмыс жалғасып жатыр
Көксу ауданында қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында арнайы есепте тұрған 141 тұрғынды тексерді.
Полицейлер профилактикалық әңгімелер жүргізіп, заң талаптарын түсіндіріп, құқықтық тәртіпті сақтаудың маңызын ескертті.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, тұрмыстық жанжалдардың және заңды қайталап бұзу фактілерінің алдын алуға ерекше назар аударылды.
Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 36 адам жауапкершілікке тартылды.
Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасады.
Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, сақ болуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға шақырады.
