Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне алты телефон лақтыру әрекетінің жолы кесілді

Абай облысында түзеу мекемесінің аумағына алты телефонды лақтыру әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің жолын кесті.

Мекемеге іргелес аумақта патрульдеу жүргізу кезінде жедел бөлім мен режим бөлімінің қызметкерлері Семей қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол негізгі қоршау арқылы скотчпен оралған екі түйіншекті лақтыруға әрекеттенген. Лақтыруды жеңілдету үшін түйіншектерге электродтан жасалған сап бекітілген.

Түйіншектерді ашу барысында қызметкерлер алты ұялы телефон, үш SIM-карта, құлаққап және төрт зарядтау құрылғысын анықтап, тәркіледі.

Ұсталған азаматтың айтуынша, оған бұл заттарды ақшалай сыйақы үшін жеткізуді бейтаныс адам ұсынған.

- Қызметкерлердің жедел әрекетінің нәтижесінде мекеме аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы дер кезінде кесілді. Тәркіленген заттар одан әрі тексеру үшін жолданды. Курьер рөлін атқарған азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, — деді режим бөлімінің бастығы Ертаc Ерғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру