Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында тазалық талаптарын бұзудың 605 дерегінің жолы кесілді

Абай облысында бір апта ішінде тазалық талаптарын бұзудың 605 дерегінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында қоғамдық тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бір апта ішінде тазалық талаптарын бұзудың 605 дерегі анықталып, жолы кесілді. Атап айтқанда: 561 дерек — абаттандыру қағидаларын бұзу; 44 дерек — ортақ пайдаланылатын орындарды ластау.

Тазалық — тек көрікті ортаның көрінісі емес, ол әр азаматтың мәдениеті мен ортақ жауапкершілігінің өлшемі. Қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, абаттандыру талаптарын орындау және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау — баршаға ортақ міндет.

Таза аймақ — тәртіптен басталады! Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, тазалық талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру