Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер есірткінің ірі партиясын қала аумағына алып кіру әрекетінің жолын кесті

Елордада полицейлер есірткінің ірі партиясын қала аумағына алып кіру әрекетінің жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанаға кіреберісте елордалық полицейлер есірткінің ірі партиясын қала аумағына алып кіру әрекетінің жолын кесті. Бекеттердің бірінде 44 жастағы ер адамның басқаруындағы Toyota автокөлігі тоқтатылды. Ол есірткі заттарын одан әрі өткізу мақсатында сақтады және тасымалдады деген күдікке ілінді.

Автокөлікті тінту барысында салоннан өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған алты брикет табылып, тәркіленді. Кейін ұсталған азамат қала аумағында бұрын қалдырып кеткен есірткі жасырындылардың орындарын көрсетті. Анықталған барлық заттар тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон болып шықты. Оның жалпы салмағы 3 келіден асты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Тергеу барысында ер адамның есірткіні тасымалдаушы рөлін атқарғаны және оны әрі қарай тарату үшін жеткізуді жоспарлағаны анықталды. Қазіргі уақытта құқыққа қайшы әрекетке қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталуда.

Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымы қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

Елордалық полицейлер есірткіні жеткізу және тарату арналарының жолын кесу бағытында тиісті шараларды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру