Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлерге пәтерлер мен қызметтік автокөліктердің кілттері табысталды

Ақмола облысында полицейлерге пәтерлер мен қызметтік автокөліктердің кілттері табысталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика күні қарсаңында Щучинск қаласында өңір тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілттерін табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Жаңа қоныстанушылар арасында Бурабай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері.
Кілттерді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов табыстады.

Екі бөлмелі және екі бір бөлмелі пәтер полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Жапаровқа, көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы Жолдасбек Азеновке және Жеңіс Шайхислямовқа берілді. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсартудағы маңызды қадам болды. Мұндай қолдау өмір мен жұмыс үшін қолайлы жағдай жасай отырып, негізгі тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі. Сонымен қатар мереке құрметіне Бурабай аудандық полиция бөлімінің автопаркі екі жаңа Chevrolet Cobalt қызметтік автокөлігімен толықтырылды.

Көліктердің кілтін учаскелік полиция инспекторлары Қуаныш Үмбетов пен Бақтияр Ғалиев алды. Қызметтік көлікті жаңарту қызметкерлердің ұтқырлығын және қойылған міндеттерді орындау кезінде тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сеніп тапсырылған учаскелерде тұратын азаматтардың шақыруларына неғұрлым жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру