Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстарын күшейтті

Елорда полициясы колледж студенттері арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстарын күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада полиция қызметкерлері жастар арасында есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Кезекті профилактикалық дәріс Политехникалық колледж студенттеріне арналып, жастардың есірткінің заңсыз айналымына тартылуына жол бермеу мәселелеріне арналды.

Әсіресе, оқуын енді бастап, жаңа білім беру ортасына бейімделіп жатқан бірінші курс студенттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағыттағы профилактикалық дәрістер қала колледждерінде өткізіліп келеді.

Кездесулер барысында полиция қызметкерлері жастарға қолданыстағы заңнама талаптарын, есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті және ойланбай қабылданған шешімдердің ықтимал салдарын түсіндіреді. Сондай-ақ жастарды құқыққа қайшы әрекеттерге тарту тәсілдеріне және әлеуметтік желілерді қоса алғанда, күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қарау қажеттігіне ерекше назар аударылады.

Полиция жастар арасында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде күшейтіп келеді. Басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу ғана емес, студенттердің өз қауіпсіздігіне саналы түрде қарауын, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын және есірткінің заңсыз айналымына деген үзілді-кесілді теріс көзқарасын қалыптастыру.

Алдын алу жұмыстары ақпараттандырудан басталады. Заң талаптары мен құқықтық салдарды дер кезінде түсіндіру, жастармен ашық диалог орнату олардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алуға және болашағын қорғауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру