Астанада полиция тыныштықты бұзу дерегінің жолын кесті
Астанада полиция тыныштықты бұзу дерегінің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және елорда тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі.
Жыл басынан бері Астанада тыныштықты бұзу фактілері бойынша азаматтардан 51 мыңнан астам өтініш тіркелген. "102" арнасына келіп түскен әрбір хабарлама полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмайды. Ал құқық бұзушылық фактісі расталған жағдайда заңнамада көзделген шаралар қабылданады.
Мәселен, елорданың көшелерінің бірінде бильярд клубының келушісі сыртқа шығып, қатты айқайлап, жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарының тыныштығын бұзған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады. Аталған дерек бойынша оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын айналасындағылардың тыныш демалу құқығын құрметтеуге және белгіленген талаптарды сақтауға шақырады.
