Семейде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
Семейде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласындағы Аспалы көпірде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба негізінде полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтады. Олар — Лада 21705 көлігін басқарған 34 жастағы және Mazda Xedos тізгіндеген 18 жастағы жүргізушілер.
Олар жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
