Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасанды интеллект арқылы жасалған бейнеролик павлодарлыққа жеңіс әкелді

Павлодарлықтың бейнеролигі есірткі қылмысының алдын алуға арналған республикалық байқауда жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полиция департаментінде департамент бастығының бірінші орынбасары Алмаз Төкеновтің төрағалығымен республикалық байқауға қатысушылармен жұмыс кездесуі өтті. Байқауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің қолдауымен ұйымдастырды.

Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған бейнероликтер жасау жөніндегі республикалық байқаудың жеңімпазы Жомарт Ибраевты марапаттау рәсімі өтті.

Жомарт Даулетұлы – бес баланың әкесі. Ол "Қазақстан алюминийі" АҚ-да еңбек етеді.

Байқаудың мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау және жас буынның шығармашылық әлеуетін қолдау.

Еліміздің түкпір-түкпірінен ұсынылған көптеген бейнероликтің ішінен павлодарлық Жомарт Ибраевтың жұмысы мазмұнының тереңдігімен, идеясының айқындығымен және орындалу сапасымен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Қатысушылар есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған заманауи әрі мазмұнды бейнематериалдар ұсынды.

- Заң мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз қоғамның іргетасы. Бұл қағида құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ғана емес, әрбір азаматты біріктіруі тиіс. Байқауға қатысушылар осы идеяны жарқын әрі нанымды жеткізе білді. Біз олардың жетістігімен мақтанамыз, – деп атап өтті  Алмаз Төкенов.

Жеңімпазға республикалық Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес атынан арнайы сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, жасанды интеллект көмегімен фото және бейнематериалдар жасауға, креативті контент әзірлеуге, визуалды бейнелер мен мәтіндер генерациялауға арналған AI-контент бойынша оқу курсына сертификат және Samsung Galaxy Tab A11 планшеті берілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Ал салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу және зиянды әдеттерге теріс көзқарас қалыптастыру полицияның профилактикалық жұмысының басым бағыттары болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру