Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда екі велосипед ұрлығыны қатысы бар күдікті құрықталды

Қарағандыда полицейлер велосипед ұрлығына күдіктіні оқиға ізін суытпай ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам екі тұрғынның велосипедін ұрлады деген күдікке ілінді.

Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне алдымен 29 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол велосипедінің ұрланғанын хабарлаған. Арада екі күн өткен соң 33 жастағы әйел де полицияға жүгініп, өзіне тиесілі екі велосипедтің жоғалғанын айтқан.

Оқиғалардың бірі тұрғын үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полицейлер бейнежазбаны зерделеп, жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде күдіктіні анықтады.

Ұсталған азамат – Шет ауданының 41 жастағы тұрғыны. Ұрланған велосипедтер тәркіленді.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оның өңірде болған осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру