Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында малды қараусыз жаюдың алдын алу жұмыстары күшейтілді

Жетісу облысында малды қараусыз жаюдың алдын алу жұмыстары күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мал иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мал жаю қағидаларын қатаң сақтау, төрт түлікті қараусыз қалдырмау және оның автомобиль жолдарына шығуына жол бермеу қажеттігін ескертуде. Сонымен қатар жануарларды сәйкестендіру мақсатында чиптеу мәселесіне де назар аударылуда.

Малдың жол бойында қараусыз жүруі жол қозғалысына елеулі қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін жол-көлік оқиғаларына себеп болуы ықтимал.

Жыл басынан бері Жетісу облысында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін 2 647 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында полиция қызметкерлері тұрғындарды мал ұстау талаптарын сақтауға, төрт түліктің қауіпсіз жайылуын қамтамасыз етуге және оның жол бойында қараусыз жүруіне жол бермеуге шақырады.

Полиция ескертеді: қараусыз жүрген мал адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру