Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктің жасырын сырын ашатын таңбалар: Абай облысында криминалистер тексеріс жүргізуде

Көліктің сыртқы көрінісі көп нәрсені аңғартпауы мүмкін. Алайда оның сәйкестендіру нөмірлері мен зауыттық таңбалары жасырын жайттардың бетін ашуға қабілетті. Абай облысы полиция департаментінің криминалистері дәл осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамандар арнайы криминалистикалық құралдардың көмегімен автокөліктердің сәйкестендіру нөмірлерін, таңбаларын және өзге де маңызды белгілерін мұқият зерттейді. Әрбір цифр, әрбір таңба назардан тыс қалмайды. Өйткені кейде көзге байқалмайтын бір ғана өзгеріс заңсыз әрекеттің айқын дәлеліне айналуы мүмкін.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – көлік құралдарының түпнұсқалығын анықтау, сәйкестендіру белгілеріне заңсыз араласу фактілерін анықтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

– Мұндай тексерістердің маңызы зор. Себебі көлік құралдарының заңдылығына қатысты күмәнді жағдайлардың алдын алу – қоғамдық қауіпсіздіктің бір бөлігі. Полицияның осындай жұмыстары тұрғындардың сенімін арттырады, – дейді қала тұрғыны.

– Біздің жұмысымызда ұсақ-түйек болмайды. Көліктің әрбір сәйкестендіру белгісі мұқият зерттеледі. Заманауи криминалистикалық құралдар күмәнді өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі міндетіміз – заңсыз әрекеттерді дер кезінде әшкерелеп, олардың жолын кесу – дейді полиция қызметкері.

Криминалистикада кездейсоқтыққа орын жоқ. Мұнда әрбір белгі тексеріледі, әрбір сәйкессіздік зерделенеді, әрбір күмән нақты дәлелмен бағаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру