Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мыңнан астам сотталғанның тұрғылықты мекенжайы тексерілді

Қызылордада 1 022 сотталғанның тұрғылықты мекенжайы тексерілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде 5 қазан мен 5 қараша аралығында "Қауіпсіз үй" профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның аясында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметі облыстық полиция департаментімен бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру жұмыстарын жүргізді.

Бір айға созылған профилактикалық іс-шара барысында пробация есебіндегі 1 022 азаматтың тұрғылықты мекенжайы 3 мың рет тексерілді. Нәтижесінде 139 адамның пробациялық бақылау талаптарын бұзғаны анықталды.

Атап айтқанда, 76 азаматтың тұрғылықты мекенжайында болмағаны, 23 азаматтың цифрлық пробация талаптарын бұзғаны, 29 азаматтың электрондық бақылау құралдарын пайдалану тәртібін сақтамағаны белгілі болды. Сонымен қатар 11 азаматтың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты 58 азаматқа қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыныс енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру