Атырауда түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді
Атырауда түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында "Қауіпсіз қала" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Полицейлер қоғамдық орындардағы тәртіпті қадағалап, құқық бұзушылықтардың жолын кесу, күдікті тұлғаларды тексеру және құқық бұзушылықтар жиі тіркелетін түнгі клубтар мен мейрамханаларда профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қала тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.
Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын орындауға және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырады.
