Павлодар облысында қоғамдық орында былапыт сөз айтқан тұрғын жазаланды
Павлодар облысы Ертіс ауылында қоғамдық орында балағат сөз айтқан ер адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Ертіс ауданының Ертіс ауылында дүкендердің бірінің маңында мас күйдегі ер адам әйелге қатысты былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.
Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қоғамдық орындарда балағат сөз айтуға, азаматтарға тіл тигізуге және айналадағыларға құрметсіздік танытатын өзге де әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
