Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 2,5 мыңнан астам жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін жауапқа тартылды

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері өңірде жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 2552 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жүргізушілердің жаяу жүргіншілер өткелдерінде жол қозғалысы қағидаларын сақтамауы адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Мұндай жағдайларға көбіне жүргізушілердің асығыстығы мен жолдағы немқұрайлылығы себеп болуы мүмкін.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер өткелдерінде жол қозғалысы қағидаларының сақталуын тұрақты бақылауда ұстайды. Әсіресе көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы қарқынды учаскелерге басымдық беріледі.

Полиция жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға, жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда сақтық шараларын күшейтуге және жаяу жүргіншілерге дер кезінде жол беруге шақырады.

Полиция жол қозғалысы қағидаларын сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті әрі жолдағы адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғаудың маңызды шарты екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру