Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көшеде ішімдік ішіп, темекі тұқылын лақтырған бес азамат жауапқа тартылды

Атырау облысында бейнебақылау арқылы көшеде ішімдік ішіп, темекі тұқылын тастаған бес азамат анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған бес азамат анықталды. Олар сағат 11:45 шамасында қоғамдық орында ішімдік ішіп, темекі тұқылын көшеге тастаған.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетіп, құқық бұзушыларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдады.

Атап айтқанда, қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін 3 азамат, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 2 азаматқа әкімшілік шара қолданылды.

Сонымен қатар аталған азаматтардың үшеуі наркологиялық сараптамаға жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру